НАТО әскери жаттығу ұйымдастыруда

Джефф Харригиан "Мұндай кең көлемді жаттығулар НАТО үшін өте маңызды" деді.

1839389
НАТО әскери жаттығу ұйымдастыруда

НАТО Польша және Балтық елдерінде әуе қорғанысын дамыту үшін әскери жаттығу ұйымдастыруда. 

"Ramstein Legacy 22" деп аталған және 6-10 маусымдағы жаттығуда соғыс ұшақтары мен әуе және зымыран қорғаныс жүйелері қолданылуда. 

Польшамен қатар Литва, Латвия және Эстониядағы жаттығуға НАТО одақтастарынан және ортақтарынан құрылған 17 ел қатысуда. 

НАТО-дан жасалған мәлімдемеде Ресейдің Украинаға жасаған шабуылынан кейін одақтас елдерінің шекаралары маңында зымыран, ұшқышсыз әуе аппараты және соғыс ұшағы қолданылуының артқаны білдірілді. 

НАТО-ның одақтас әуе қолбасшысы генерал Джефф Харригиан жаттығуға байланысты жасаған мәлімдемесінде "Ресейдің Украинаны жаулауынан кейін қазіргі қауіпсіздік жағдайға назар аударғанда мұндай кең көлемді жаттығулар НАТО үшін өте маңызды" деп көрсетті. 

 



Ұқсас жаңалықтар