Херсон аймағында рубль қолданысқа енді

Банк операциялары жүргізілген аймақта бұл жолы ресейлік валютаға көшу үдерісі басталды.

1819933
Херсон аймағында рубль қолданысқа енді

Ресей өзінің экономикалық және әлеуметтік өмір қалпына көшуді Херсонда бастады. Олар  сәуір айының басында Украинаға жасаған шабуылдары барысында Херсонды бақылауға алған болатын.

Банк операциялары жүргізілген аймақта бұл жолы ресейлік валютаға көшу үдерісі басталды.  Әлеуметтік көмек және коммерциялық орталықтар жұмыс істей бастағаны айтылды.

Ресей тарапынан Херсон облысына тағайындалған жергілікті үкіметтің вице-президенті Кирилл Стремоусов ресейлік БАҚ-қа берген мәлімдемесінде енді аймақта украин валютасы гривнасының орнына Ресей рублінің белсенді түрде қолданылатынын айтты.

Стремусов «1 мамырдан бастап біз рубль қолданысына көшеміз. Қазіргі уақытта рубль мен гривна айналымда қатар жүреді. Бұл өтпелі кезең 4 айға дейін аяқталады. Содан кейін біз толығымен рубльмен төлем жүйесіне көшеміз», - деді.

24 ақпанда Ресейдің Украинаға жасаған шабуылдарының алғашқы нысаналарының бірі болған Херсон қарқынды бомбалауға ұшырады. Ресей Қорғаныс министрлігі 15 наурызда жасаған мәлімдемеде Ресей қарулы күштерінің Херсон қаласы мен Херсон облысын толық бақылауға алғаны хабарланды. Херсон Ресей үшін стратегиялық маңызды, себебі ол Қырым түбегі мен Украинаның шығысындағы ресейшіл аймақтар арасындағы құрлық қатынасының бір бөлігін қамтамасыз етеді.



Ұқсас жаңалықтар