Орыс армиясы Мариупольді басып алды

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның Мариуполь қаласын басып алғандарын пайымдады.

1815767
Орыс армиясы Мариупольді басып алды

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу президент Владимир Путинге Мариупольді басып алғанын айтты. 

Мариупольдегі соңғы жағдай туралы Путинге мағлұмат берген Шойгу орыс күштерінің қаланы бақылауға алғанын білдірді. 

1478 әскердің көндірілгенін баяндаған Шойгу Мариупольдегі "Азовсталь" зауытында әлі 2 мыңнан астам украиналық жауынгердің болғанын атап өтті. 

Шойгу Путинге Мариупольден 142 мыңнан астам бейбіт тұрғынның эвакуацияланғанын, "Азовсталь" зауытының қоршауға алынғанын және қаладағы жағдайдың тыныш екенін айтты. 

Путин болса Мариупольдегі табысты операциясымен Шойгуны құттықтады. 

Владимир Путин "Мариупольді басып алу бір жеңіс болып табылады. "Азовсталь" зауытынан кеткен украиналықтардың амандағы сақталады" деді. 

Сонымен қатар Путин Мариупольде "Азовсталь" зауытына шабуыл жасалуын, сондай-ақ бұл жердегі қару тастаған украиналық күштеріне жақсы мәміле жасалуын талап етті. 

 



Ұқсас жаңалықтар