НАТО кемелері - Балтық теңізінде

НАТО кемелерінің Балтық теңізіне кіргенін хабарлады.

1812951
НАТО кемелері - Балтық теңізінде

НАТО кемелерінің жоспарлы операциялар және оқу-жаттығулар мақсатымен Балтық теңізіне кіргенін хабарлады.

Бұл туралы хабарламада «Тұрақты теңіз тобы 1 (SNMG1) және «Тұрақты НАТО мина тобы 1»  (SNMCMG1) кемелері Балтық теңізіне кірді» деп айтылды.

Балтық теңізіне шекаралас одақтас пен ортақ елдермен оқу-жаттығуларға қатысатын кемелердің НАТО келісімшарттарына сай сенімді және қабілетті қорғаныс шараларын жалғастыру үшін осы аймақта атқарылған істің бір бөлшегі болатыны айтылды.

Екі топ та түрлі одақтас елдерден келген кемелерден қалыптасқан. Олар жаттығуға қатысудан оперативтік міндеттерге дейін түрлі қызметті орындау мақсатында НАТО-ның қолданысына ашық кемелер. Сонымен бірге аталмыш топтар НАТО құрамындағы ең жоғары дайындыққа ие әскери күш – Жоғары дайындық деңгейіндегі біріккен міндет күшінің (VJTF) бір бөлшегі болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар