"Украин халқы - батыр"

Зеленский батыстан Ресейдің мұнай экспортына эмбарго салуды сұрады.

1809882
"Украин халқы - батыр"
johnson-zelenskiy.jpg
vladimir zelenskiy.jpg

Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның күтуге уақыты жоқ екенін айтып, батыстан Ресейдің мұнай экспортына эмбарго салуды сұрады.

Украина-Ресей соғысының 45-ші күнінде халыққа жолдауында Зеленский Ресейдің ақша ағынына бұдан да ауыр шектеулер енгізу керектігін айтты.

Бүкіл өркениетті және демократиялық әлем әрекет ету керек екенін айтқан Зеленский былай деп жалғастырды: "Бізде күтуге уақыт жоқ. Бостандықтың күтуге уақыты жоқ. Ресейдің елімізге жаңа күштері мен жаңа техникасын әкелуге шамасы жетеді. Тез арада шара қолданылып, тиранға мұнай эмбаргосы салынуы керек".

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның Киевке сапарына сілтеме жасаған Зеленский Джонсонның Украинаға жаңа қаржылық және қорғаныстық қолдау пакетімен келгенін айтты. Джонсонды украиндықтар атынан қабылдау үлкен мәртебе екенін білдірген Зеленский Ұлыбританияның, қорғаныс саласындағы, әсіресе санкциялық саясатындағы көшбасшылығының тарихта мәңгілікке жазылғанын атап өтті.

Зеленский Еуропалық Одақ (ЕО) комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен мен  Канада премьер-министрі Джастин Трюдо бастаған «Украина үшін түрегел» науқанына Украинаның ішінде және одан тыс жерде бомбалардан қашқан адамдарға 10 миллиард доллардан астам көмек көрсетуге уәде бергенін  айтты.

Ұлыбритания премьер-министрі Джонсон да Зеленскиймен кездесуінен кейінгі мәлімдемесінде Украинаны қолдауды жалғастыратындарын мәлімдеді. «Әріптестерімізбен бірге біз экономикалық қысымды арттырып, Ресейге қарсы санкцияларды апта сайын күшейтуді жалғастырамыз» деді ол.

Джонсон украин халқын «батырлар» деп сипаттады.



Ұқсас жаңалықтар