Ресей Украинада инфрақұрылымдарды тағы нысанаға алды

Ресей Украинада 5 жанармай базасын жоғары дәлдіктегі зымырандармен жойылғанын хабарлады.

1807903
Ресей Украинада инфрақұрылымдарды тағы нысанаға алды

Ресей Қорғаныс министрлігі баспасөз хатшысы Игор Конашенков әуеден және құрлықтан жоғары дәлдіктегі зымырандармен Украинада 5 жанармай базасын атқандарын білдірді.

Конашенков Украинадағы соғыста Ресей әскери бөлімдерінің әрекеттеріне қатысты мәлімдеме жасады.

Азанғы уақытта Ресей армиясының Украинадағы нысаналарға жоғары дәлдіктегі зымырандармен шабуы жасалғанын атап көрсеткен Конашенков «Әуе және жерден жоғары дәлдіктегі зымырандармен Радехов, Казатин, Просяная, Николаев және Новомосковск елді мекендерінің жанындағы бес жанармай қоймасы база атқыланды. Бұл орындардан Харьков, Николайев және Донбасс қалаларына украиндық әскери-техникалық көліктер үшін мазут жеткізілетін» деді.

Украинада бір түнде жасалған әуе шабуылдарында 27 әскери нысананың жойылғанын білдірген Конашенков «Украина армиясына тиесілі 125 әскери ұшақ пен 93 тікұшаққа қоса 407 пилотсыз әуе көлігі, 227 әуе қорғаныс жүйесі, 1 мың 981 танк пен броньды көлік, 215 көп ұңғылы зымыран ұшыру жүйесі, 854 гаубица мен миномет және 1 мың 882 арнайы әскери құрал жойылды» деді.

Министрлік баспасөз хатшысы Игор Конашенков Ресей әскери бөлімдерінің Украинадағы соғыста кешегі әрекеттеріне қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Конашенков Ресей әскери күштерінің Украинадағы әскери инфрақұрылым нысандарына шабуылдарын жалғастырғанын атап «Золочив және Чухуив елді-мекендеріндегі аймақтық қорғаныс бөлімшелерінің басқару орталығы, жанармай қоймасы мен броньды машиналар жөнделген зауыт дәлдігі жоғары зымырандармен жойылды» деген болатын.

Игорь Конашенков сонымен қатар Украинаның Мариуполь қаласында қақтығыстардың жалғасып жатқанын хабарлаған еді.

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинада соғыс басталғаннан бері 620 мыңнан астам адамның қауіпті аймақтардан эвакуацияланғанын да білдірді.

Украина Бас штаб басқармасы да 24 ақпан-6 сәуір күндері аралығындағы Ресей армиясының шығындары туралы ақпаратты жариялады.

Бұған қарағанда Украинаға шабуылдаған Ресей армиясының 18 мың 600 сарбазының қаза тауып, орыстарға тиесілі 150 әскери ұшақ, 135 тікұшақ, 684 танк, 1 мың 861 броньды техника, 332 артиллерия, 107 зымыран ұшыру жүйесі және 55 әуе қорғаныс жүйесі жойылды.

Сондай-ақ ресейлік күштер 1 мың 324 көлік, 7 кеме мен жеңіл жүрдек қайық, 76 жанар-жағармай көлігі және 96 пилотсыз әуе көлігінен айырылды.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар