"Ресейге қарсы бесінші санкция пакеті - жеткіліксіз"

«Бесінші пакет қазіргі түрінде Ресей агрессиясы мен ресейлік қылмысқа жеткілікті жауап емес» деді ол.

1806657
"Ресейге қарсы бесінші санкция пакеті - жеткіліксіз"

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба «Еуропалық Одақтың (ЕО) Ресейге қарсы бесінші санкция пакеті қазіргі түрінде жеткіліксіз» деп мәлімдеді.

Твиттердегі парақшасынан видео хабарлама жариялаған Кулеба Еуроодақтың соңғы апталарда Ресейге қарсы жоспарланған бесінші санкциялар пакеті бойынша жұмыс істеп жатқанын еске салды.

«Бесінші пакет қазіргі түрінде Ресей агрессиясы мен ресейлік қылмысқа жеткілікті жауап емес» деді ол.

ЕО-ның Ресейге қарсы санкцияларының ұлғаюы керектігін алға тартқан Кулеба Еуроодақтың бесінші санкция пакетіне SWIFT-тен үзілген ресейлік банктердің көбірек болуы, ресейлік мұнай, газ және көмірге эмбарго салу шаралары және Еуроодақ порттарының ресейлік кемелер мен тауарларға жабылуы секілді тақырыптардың қамтылуы керектігін білдірді.

Кулеба бұған дейін Киев аймағындағы ресейлік армияның бейбіт тұрғындарды қасақана өлтіргеніне қатысты G7 елдеріне жүгініп, Ресейге қарсы жаңа «қатаң санкциялар» енгізуді талап еткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар