Ресей-Украина келіссөздерінде Türkiye маңызды рөл ойнады

Италия премьер-министрі Марио Драги Ресей-Украина келіссөздерінде Türkiye-нің маңызды рөл ойнағанын айтты.

1805166
Ресей-Украина келіссөздерінде Türkiye маңызды рөл ойнады

Италия премьер-министрі Марио Драги астана Римде жасаған мәлімдемесінде журналисттердің сұрақтарына жауап берді. 

24 ақпаннан осы таңға дейін жалғасқан Ресей-Украина соғысында Türkiye-нің тараптар арарысында атқарған маңызды рөліне тоқталған Драги "Türkiye бейбетшілік орнату үшін келіссөздер процесінің басталуы үшін көп жұмыс істеді. Бұны геостратегиялық орны және барлық тараптармен болған қарым-қатынастарының арқасында жасауда. Бұл жерде барлық елдер Türkiye-мен ынтымақтастық жасауға дайын" деп жауап берді. 

 



Ұқсас жаңалықтар