Беннет қару алып жүру жайлы үн қатты

Израильде соңғы бір аптада үш қанды шабуыл ұйымдастырылды.

1804704
Беннет қару алып жүру жайлы үн қатты

Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет соңғы күндерде артқан шабуылдарға байланысты қару рұқсаты болған израильдікке "қару алып жүріңіздер" деген үндеу тастады. 

Нафтали Беннет  алдыңғы күні кеште Бени Барак қаласында біреуі полиция 5 израильдіктің қаза табуына себеп болған шабуылдан кейін бейне көрініс арқылы мәлімдеме жасады. Беннет мәлімдемесінде бірқатар жаңа қауіпсіздік алдын алу шаралар жасайтындарын білдірді. 

Нафтали Беннет   "Израиль азаматтары қазір қанды террор лаңкестігіне душар болуда. Біз террористтерді жеңеміз" деді. 

Израиль премьер-министрі еврей халқына "Сіздер абай болыңыздар. Қару рұқсаты болғандар, қару алып жүріңіздер" деп үн қатса, израильдік абартардың қаруларын жинап алу шешімін жасағанын баяндады. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар