Украинада соңғы жағдай

Украина делегациясы орыс тарапына гуманитарлық дәліз ашу талабын жеткізді.

1804089
Украинада соңғы жағдай

Украина Бас штабы Киев пен Чернигов облыстарынан ресейлік әскерді шығару жалғасып жатқанын хабарлады.

Бас штабтың Facebook парақшасында жасалған мәлімдемеде Ресей-Украина соғысының 34-ші күніндегі соңғы жағдай бағаланды.

Мәлімдемеде орыс әскерінің Киев қаласын қоршау міндетін орындай алмағаны, Киев пен Чернигов облыстарынан шегінуін жалғастырған Ресей армиясының әскерін елдің шығысына шоғырландыратыны айтылған.

Ресей армиясының Донецк бағытында шабуылдарын жалғастырып, Креминна және Мариуполь елді мекендеріне әуе және зымырандық шабуылдар жасап, Украина қорғаныс күштері бөлімшелерінің позицияларына артиллериялық оқ жаудырғаны атап өтілді.

Сонымен қатар Ресей армиясының Волынск, Полинск, Сиверск, Таврическое және Славянск елді мекендерін, сондай-ақ Қаратеңіз және Азов облыстарын ұстауға тырысқаны және Луганскідегі Попасна, Рубижне елді мекендерін бақылауға алуды мақсат еткені жазылған.

Украина премьер-министрінің орынбасары Ирина Верещук Ресей тарапына гуманитарлық дәліздер ашу талабын жеткізгендерін айтты.

Верещук өзінің күнделікті брифингінде Стамбулдағы кездесулер барысында украиналық делегацияның Ресей тарапына  Мариуполь, Харьков, Чернигов және Киев қалаларына гуманитарлық дәліздерді міндетті және шұғыл ашу туралы өтінішін жеткізгенін айтты.

Ол Украинаның Запорожье аймағына қарасты Васильевка қаласынан Бердянск бағытындағы жолдың ашылуын қалайтындарын айтты.  Сонымен бірге Мариуполь, Бердянск, Мелитополь және Энергодар қалаларынан эвакуациялау жұмыстарының жүргізілетінін білдірді.

Верещук соңғы 24 сағатта Мариуполь қаласынан 936, Запорожье облысынан 729 адамды эвакуациялағандарын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар