Украина Ресейдің шығынын жариялады

Украина Бас штабы 24 ақпан мен 30 наурыз аралығында Ресей армиясының шығыны туралы ақпарат жариялады.

1804277
Украина Ресейдің шығынын жариялады

24 ақпанда Украинаға шабуыл бастаған Ресей армиясы 17300 сарбазынан, 131 ұшақтан, 131 тікұшақтан және 605 танкінен айырылды.

Украина Бас штабы 24 ақпан мен 30 наурыз аралығында Ресей армиясының шығыны туралы ақпарат жариялады.

Сәйкесінше Украинаға шабуыл жасаған Ресей армиясынан 17 300 сарбаз қаза тауып, ресейліктерге тиесілі 131 ұшақ, 131 тікұшақ, 605 танк, 1723 броньды техника, 305 зеңбірек, 96 зымырандық жүйе және 54 әуе қорғаныс жүйесі жойылды.

Сондай-ақ ресейлік күштер 1184 көлік, 7 кеме мен жеңіл жүрдек қайық, 75 жанармай тасымалдайтын көлік және 81 ұшқышсыз ұшатын аппаратынан айрылып қалды.



Ұқсас жаңалықтар