Ресейдің Мариуполь шабуылында 300 кісі мерт болды

Ресейдің16 наурызда Украинаның Мариуполь қаласындағы театр ғимаратына жасаған шабуылда 300 кісі қаза тапты.

1802047
Ресейдің Мариуполь шабуылында 300 кісі мерт болды

Ресей тарапынан Украинаның Мариуполь қаласындағы театр ғимаратына жасалған шабуылда қаза тапқандар саны 300 кісіге жетті.

Ресей тарапынан Украинаға шабуылдар жалғасып жатыр, Украинада бейбіт халықтың жан шығыны да артуда.

Ресей жасақтары тарапынан 16 наурызда Украинаның Мариуполь қаласындағы театр ғимаратына жасалған шабуылдағы жан шығыны жайлы жаңа мәліметтер жарияланды.

Ондаған адам қалдық астында қалған оқиғада жан шығыны жайлы Мариуполь Қалалық Мәжілісі тарапынан жасалған мәлімдемеде:

"Украинаның Мариуполь қаласындағы театр ғимаратының Ресей ұшақтары тарапынан бомбалануы салдарынан 300 кісі қаза тапқаныны анықталды. Ауыр шабуылға сенгіміз келмейді. Ғимаратты жөндеуге болады, алайда достарымызды, көршілерімізді және жақындарымызды кері қайтара алмаймыз" деп көрсетілді.

Орыс армиясы 24 ақпанда Украинаға шабуыл бастады.



Ұқсас жаңалықтар