Ресей 89 әскери нысан жойылғанын білдірді

Игорь Конашенков Украина қарулы күштерінің «Донбасс» батальоны ресейлік күштерден жеңілді деп мәлімдеді.

1798950
Ресей 89 әскери нысан жойылғанын білдірді

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Ресей әуе күштері бір күнде Украина армиясына тиесілі 89 әскери нысанды жойғанын айтты.

Игорь Конашенков Украина қарулы күштерінің «Донбасс» батальоны ресейлік күштерден жеңілді деп мәлімдеді.

Ресей армиясының кеше 12 шақырымдық ілгерілеуін жалғастырғанын атап көрсеткен Конашенков Ресей әуе күштерінің Украина армиясына тиесілі 89 әскери нысанды жойғанын білдірді. Конашенков «65 орын, оның ішінде 4 командалық орталық, 2 көп ұңғылы зымырандар, 9 гаубицалар, 5 зымыран және артиллериялық оқ-дәрі, сондай-ақ әскери-техникалық машиналар жойылды» деді.

Конашенков Ресей әуе қорғаныс жүйелері 9 ұшқышсыз әуе көлігін атып түсіргенін де білдірді.

«Бүгінге дейін Украина армиясына тиесілі 214 ұшқышсыз ұшу аппараты, 1483 танк пен броньды техника, 150 көп ұңғылы зымыран тасығыш, 584 гаубицасы мен минометі, 1279 арнайы әскери техника жойылды» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар