Егер Қытай Ресейге көмек берсе онда ауыр шығын төлейді

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Нед Прайс Қытайдың Ресей-Украина соғысындағы тұғыры жайлы мәлімдеме жасады.

1797142
Егер Қытай Ресейге көмек берсе онда ауыр шығын төлейді

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Нед Прайс "Егер Қытай Ресейге көмек берсе, онда ауыр шығын төлейді" деді. 

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Нед Прайс Қытайдың Ресей-Украина соғысындағы тұғыры жайлы бір сөз айтпайтынын, алайда өздерінің бұл тақырып жайлы Қытай тарапына айқын түрде жолдамаларын жеткізгенін білдірді. 

Прайс күнделікті баспасөз жиналысында АҚШ делегациясының Италияның астанасы қытайлық дипломаттарымен кездескенін білдірді. Мәлімдемеші Нед Прайс "24 ақпаннан бері орыс армиясы Украинаға шабуыл жасауда. Шабуылда көптеген адам қаза тапты. Сондықтан Ресейге қарсы санциялар жасалуда. Егер Бейжің әкімшілігі Ресейге көмек беретін болса, онда ауыр шығын төлейді" деп көрсетті. 

Көптеген елдің Украинаға жәрдем беру жайлы мәлімдеме жасағанын және Ресейдің шабуылдарына қарсы шыққанын түсіндірген Прайс Қытайдан бұндай айқын мәлімдеме немесе тұғыр көре алмағандарын баяндады. 

 



Ұқсас жаңалықтар