АҚШ-тан Украинаға ауқымды көмек
Байден Украинаға 13,6 миллиард доллар көлемінде көмек көрсетуді қамтитын бюджет жобасын мақұлдады.
Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Джо Байден Ресеймен соғысып жатқан Украинаға 13,6 миллиард доллар көлемінде көмек көрсетуді қамтитын бюджет жобасын мақұлдады.
Джо Байден бұған дейін АҚШ Сенаты мен Өкілдер палатасындағы республикашылдар мен демократтардың қолдауымен мақұлданған заң жобасына Ақ үйде өткізген рәсімімен қол қойды.
Байден аталған қор арқылы Украинамен қатар соғыстан зардап шеккен көрші елдерге де көмек көрсетілетінін баса айтты. Байден Украинаға өткен жылы қорғаныс саласына 1,2 миллиард доллар көмек көрсетілгенін білдірді.
"Бұл соғыс 3 миллионға жуық украиндықты босқынға айналдырды және олардың саны күн санап артып келеді. Дәл қазір 12 миллион адам гуманитарлық көмекке зәру. Біз бүкіл әлемді гуманитарлық көмекке жұмылдырып жатырмыз" деді ол.
Джо Байден қол қойған жаңа заң жобасымен Украинаға, әсіресе қорғаныс пен гуманитарлық көмекке миллиардтаған доллар үлес қосылатынын атап көрсетті.
«Осы шаралар арқылы біз Ресей президенті Владимир Путиннің Украина халқына және аймаққа салған жарасын емдеуге тырысамыз» деді Байден.
Ұқсас жаңалықтар
Стратегиялық серіктестік келісім күшіне енді
Бұл келісім тараптардың біріне шабуыл жасалған жағдайда өзара әскери көмек көрсетуді көздейді.