Бразилиядағы сел апатында 158 адам қаза тапты
Бразилияда Мемлекеттік азаматтық қорғаныс қызметі адам мен мүлік шығынына қатысты мәлімдеме жасады.
Бразилияда толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 158-ге жетті.
Елдің оңтүстігіндегі Рио-Гранде-ду-Сул штатында 2 аптадан бері жалғасқан жаңбыр салдарынан туындаған су тасқыны салдарынан адам мен мал шығыны артып келеді.
Мемлекеттік Азаматтық қорғаныс қызметі жасаған мәлімдемеде қаза болғандар саны 158, хабарсыз кеткендер саны 88 деп жаңартылды.
Мәлімдемеде су тасқынынан зардап шеккендер санының 2 миллион 300 мыңнан асқаны, апат аймақтарынан 82 мың 666 адамның құтқарылғаны айтылды.
30 мыңға жуық адаммен іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасқаны білдірілді.
Азаматтық авиация агенттігінің (ANAC) соңғы мәлімдемесіне қарағанда, жаңбыр аптаның соңына дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
Израиль Газаға әуе шабуылы жасады
Палестинаның ресми агенттігі «WAFA» шабуылда 2 палестиналықтың қаза тапқанын білдірді.