Макрон Ресей-Украина соғысына тоқталды

Франция президенті Эммануэль Макрон Ресей-Украина соғысында жүздеген украиналықтардың қаза тапқанын айтты.

1788845
Макрон Ресей-Украина соғысына тоқталды

Франция президенті Эммануэль Макрон Ресейдің шабуылы астындағы Украинада атыстың доғарылуы үшін жұмыстар істеп жатқандарын білдірді. 

Макрон Президенттік Елисей сарайында халыққа үн қатты. Макрон үндеуінде 24 ақпаннан осы таңға дейін жалғасқан Ресей-Украина соғысында жүздеген украиналықтардың қаза тапқанын айтты. 

Алдымыздағы күндердің өте қиын өтетінін түсіндірген Макрон украиналықтардың көрші елдерге қоныс аударғанын, Францияның бұл тақырыпта қолынан келгенін істейтінін баяндады. 

Макрон Украина президенті Владимир Зеленскийді қолдағандарын атап өтті. 

Эммануэль Макрон Ресей президенті Владимир Путиннің берген уәделерінде тұрмай, соғысты таңдағанын айтты. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар