НАТО Путинге ескерту жасады

Эстонияның премьер-министрі Кая Каллас НАТО одақтастарының Ресейдің шабуылына қарсы бірлік ішінде екенін айтты.

1787991
НАТО Путинге ескерту жасады

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресей президенті Владимир Путиннен Украинадағы соғысты тоқтатуды және әскерлерін шегіндіруді сұрады. 

Йенс Столтенберг Эстониядағы Тапа әскери базасына Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон және Эстонияның премьер-министрі Кая Калласпен бірге зиярат жасады. Ортақ баспасөз жиналысында сөз сөйледі.

НАТО-ның Шығыс Еуропадағы болмысы соңғы апталарда күшейгенін ескерткен Столтенберг одақ келісімінің 5-ші бабына тәуелділіктің мызғымайтынын айтты.

Столтенберг НАТО территориясының әр сүйемін қорғайтындарын білдірді.

Йенс Столтенберг:

"НАТО қорғанысты мақсат еткен одақ. Ресеймен қақтығыспаймыз. Путинге айтарымыз: соғысты тоқтат, барлық күштеріңді Украинадан шегіндір және ізгі ниетпен дипломатиялық талпыныстарға қатыс. Әлем бейбітшілік шақыруымен Украинаның қасында" деді.

Эстонияның премьер-министрі Кая Каллас НАТО одақтастарының Ресейдің шабуылына қарсы бірлік ішінде екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар