НАТО Әскери комитеті Украина тақырыбын талқылады

Жиынға НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің де қатысқаны білдірілді.

1787489
НАТО Әскери комитеті Украина тақырыбын талқылады

НАТО елдерінің штаб басшылары Ресейдің Украинаға шабуылынан кейінгі оқиғаларды талқылау үшін бейнеконференция арқылы бас қосты.

НАТО-дан жасалған мәлімдемеде НАТО Әскери комитеті жиналысының адмирал Роб Бауэрдің төрағалығымен өткені және жиынға НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің де қатысқаны білдірілді.

НАТО-ға мүше 30 елдің бас штаб басшыларының Ресейдің бейбіт тұрғындар да бар көптеген шығынға жол ашқан  шабуылын айыптағаны айтылды.

НАТО Әскери комитетінің төрағасы адмирал Роб Бауэр кездесуге қатысты мәлімдемесінде көптеген НАТО елдерінің Украинаға әскери қолдау және гуманитарлық көмек ұсынып жатқанын және бұл тұрғыда үйлестірудің маңызды екенін айтты.

Ресейдің Украинаға шабуылынан кейін НАТО өз тарихында алғаш рет ұжымдық қорғаныс аясында НАТО Жауап беру күштерін жұмылдыру және күш элементтерін Шығыс Еуропада орналастыру туралы шешім қабылдады.

НАТО Әскери комитетінің отырысына Түркия атынан Бас штаб төрағасы генерал Яшар Гүлердің қатысқаны хабарланды.

 



Ұқсас жаңалықтар