Иран атомдық бағдарламадан бас тартпайды

Мұхаммад Бакыр Калибаф: "Экономикалық мүдделер үшін атомдық инфрақұрылымдарды күйретуіміз мүмкін емес" деді.

1786496
Иран атомдық бағдарламадан бас тартпайды

Иран Парламентінің төрағасы Мұхаммад Бакыр Калибаф елінің экономикалық пайда үшін атомдық құрылымнан бас тартпайтынын айтты.

Entekhab хабар парақшасының хабарына қарағанда Калибаф Австрия астанасы Венада жалғасып жатқан атомдық келіссөздер талқыланған мәжілістің жабық жиналысында сөз сөйлеген.

Мұхаммад Бакыр Калибаф:

"Иранның атомдық инфрақұрылымдарды қорғау басты міндеті. Экономикалық мүдделер үшін атомдық инфрақұрылымдарды күйретуіміз мүмкін емес" деді.

Кездесулерде Иран тарапының кейбір талаптарына жеткенін айтқан Калибаф келісімдерді атқару кепілдігіне байланысты мәселелер болғанын, осы тақырыптың алдағы кезеңде шешілуін үміт еткенін білдірді.

Мұхаммад Бакыр Калибаф::

"Шешім табуға тиісті қауіпсіздік шаралары мен атомдық технология жөніндегі күдіктер жойылуы және санкциялардың тоқтауы керек" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар