Блинкен «Үлкен жетілік» елдерінің сыртқы істер министрлерімен сөйлесті

Нед Прайс "Украина халқының қасында боламыз және олардың жігері мен батылдықтарын көрудеміз" деді.

1786659
Блинкен «Үлкен жетілік» елдерінің сыртқы істер министрлерімен сөйлесті

Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен «Үлкен жетілік» елдерінің сыртқы істер министрлері және Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен телефон арқылы сөйлесіп, Ресейдің Украинаға жасаған шабуылын қолға алды. 

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Нед Прайс бұл туралы жазбаша мәлімдеме жасады. Прайс мәлімдемесінде Блинкеннің «Үлкен жетілік» елдері (Америка, Канада, Жапония, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия) сыртқы істер министрлері және Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен телефон арқылы сөйлескенін білдірді. 

Телефондағы әңгімеде Ресейдің Украинаға бағытталған шабуылдардың қолға алынғанын білдірген Прайс "Блинкен мен Үлкен жетілік сыртқы істер министрлері және Кулеба Ресейдің жаулауына ортақ жауап беретіндерін баяндады" деп көрсетті. 

АҚШ және «Үлкен жетілік» елдерінің Украина халқына қолдау беретіндерін және Ресейге қатаң санкция жасалатынын түсіндірген Прайс "Украина халқының қасында боламыз және олардың жігері мен батылдықтарын көрудеміз" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар