НАТО лидерлер саммиті өткізілді

Йенс Столтенберг "Басып алудың жалғыз жауапкері - Ресей" деді.

1785648
НАТО лидерлер саммиті өткізілді

НАТО лидерлері Ресейдің Украинаға әскери операциясын қолға алу үшін кезектен тыс саммитте бас қосты.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО мемлекет және үкімет басшылары өресінде телеконференция арқылы  өткізген кезектен тыс саммиттің беташарында сөз сөйледі.

Айлардан бергі ескертулер мен дипломатиялық талпыныстарға қарамай Ресейдің Еуропа құрлығында бейбітшілікті бұзғанын айтқан Столтенберг "Басып алудың жалғыз жауапкері - Ресей екенін" білдірді.

Йенс Столтенберг Ресейді Украинаға әскери операциясын дереу тоқтатуға шақырып, одақтың Украинаның егемендігі мен территория тұтастығына қолдауын қайталады.

Президент Ердоғанның да Ресейдің Украинаға жасаған әскери шабуылдарын және соңғы оқиғаларды қолға алынған НАТО лидерлер саммитіне  тікелей эфирде қатысты.

Ұлттық Қорғаныс университетінен саммитке Ердоғанмен бірге Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар, Бас Штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер, Ұлттық Барлау ұйымының төрағасы Хакан Фидан, Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Ибрахим Калын, Әділет және даму партиясының мәлімдемешісі Өмер Челик қатысты.

Саммитке Еуропа Одағы, Финляндия және Швеция лидерлері де қатысты.

Ресей Украинаға кеше әскери операция бастады.



Ұқсас жаңалықтар