Кулеба "Украина жеңіске қол жеткізеді" деді

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба "Барша әлем Путинді тоқтата алады. Тоқтатуы да керек" дедді.

1784073
Кулеба "Украина жеңіске қол жеткізеді" деді

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба өздерін қорғайтындарын және жеңіске қол жеткізетіндерін айтты. 

Дмитрий Кулеба "Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қарсы кең көлемді соғыс бастады. Украинаның бейбітшілік қалаларында шабуылдар жалғасуда. Украина өзін қорғайды және жеңіске қол жеткізеді. Барша әлем Путинді тоқтата алады. Тоқтатуы да керек. Енді іске кірісетін уақыт болды" деді. 

Енді бір жағынан Владимир Путиннің Украинаның шығысындағы Донбассқа арнайы әскер операция бастатқандарын хабарлағаннан  кейін астана Киевті қамтыған елдің көптеген қалаларында жарылыс даусы естілуде. 

Киевпен қатар Харьков, Краматорск, Мариуполь, Муколаив, Одеса қалаларында арт-артынан жарылыс болды. Лауазым иелері бұл дауыстың зымыран шабуылынан туынданғанын жариялады. 

Донбасс аймағында орын алған Краматорск қаласында болса реактивті ұшақтардың даусы естілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар