Ресей мен Қытай Мьянмаға қару сатып отыр

БҰҰ өкілі осы елдерден Мьянмаға қару беруін тоқтатуын сұрады.

1783089
Ресей мен Қытай Мьянмаға қару сатып отыр

БҰҰ Мьянмада әскери төңкерістен кейін армияның қару көмегін Қытай, Ресей және Сербиядан алғанын хабарлады.

БҰҰ Адам құқықтары Мьянма арнайы өкілі Том Эндрьюс «Қырғынға қолдау: БҰҰ-на мүше елдердің Мьянма армиясына қару беруі» атты есебінде Мьянма армиясына берілген көмекті тізіп айтты.

«Өткен жылғы төңкерістен бері Мьянма армиясына БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше Ресей мен Қытай әскери ұшақ пен сауытты көлік жолдап келеді, Ресей одан да көп оқ-дәрі жолдауда» деді ол.

Эндрьюс Сербияның да Мьянма армиясына қару жолдай бастағанын атап көрсетті. «Сербия Мьянмаға зымыран мен ауыр қару экспорттады» деді ол.

БҰҰ өкілі осы елдерден Мьянмаға қару беруін тоқтатуын сұрады.  «Әлем елдері кеш қалған сайын Мьянмада одан да көп жазықсыз адам, әсіресе балалар қаза тауып отыр» деді ол.

Ол «Мьянма халқы өздеріне қарсы қолданылған қарулардың саудасын тоқтату үшін Қауіпсіздік кеңесінен резолюция күтеді.  Көптеген бейбіт халық мүше елдер сатқан қарудың шүріппесінің алдында.  Бұл жағдай доғарылуы тиіс» деді.



Ұқсас жаңалықтар