Барша әлем Ресейдің шешіміне қарсы

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг "Ресей Украинаны жаулау үшін сылтау іздеуде" деп көрсетті.

1782712
Барша әлем Ресейдің шешіміне қарсы

Барша әлем Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің ауыз жүзіндегі  Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының егемендігін мойындау шешішіне наразылық көрсетуде. 

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг "Ресей Украинаны жаулау үшін сылтау іздеуде" деп көпсетіп, НАТО-ның Ресейдің аталмыш шешімін айыптағанын білдірді. 

Столтенберг Ресейдің де орын алған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2015 жылы Украинаның егемендігін, территория тұтастығын және тәуелсіздігін мойындағанын еске салып, "Донецк пен Луганск Украинаның бір бөлшегі" деді. 

Еуропа Одағы комиссиясының төрағасы Урсула фон дер Ляйен, Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Чарльз Мишель және Еуропа Одағы  сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель мәлімдеме жасап, Ресейдің ауыз жүзіндегі  Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының егемендігін мойындау шешіміне наразылық көрсетті. 

Ортақ жолдамада былай делінді: "Бұл шешім халықаралық құқыққа, Украинаның территория тұтастығына және Минск келісіміне қайшы. Еуропа Одағы және одақтастары Украинамен селбесе отырып, береке-бірлік ішінде наразылық көрсетеді". 

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерреш Ресей Федерациясының ауыз жүзіндегі  Донецк Халық Республикасы мен Луганск  Халық Республикасының егемендігін мойындау шешіміне қатты алаңдағанын білдірді. 

Америка Құрама Штаттары болса нақтылы бір қадам басып, Ресей мойындаған аймақтармен сауда жасалуына тыйым салынғанын жариялады. 

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен де жазбаша мәлімдеме жасап, Ресей президенті Владимир Путиннің ауыз жүзіндегі  Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының егемендігін мойындау шешімін қатал түрде айыптады. 

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон "Путиннің шешімі халықаралық құқыққа қайшы" деді. Джонсон Мәскеуге қарсы санкция жасайтынын мәлімдеді. 

Франция болса Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесін кезектен тыс жиналуға шақырды. 

Франция президенті Эммануэль Макрон Ресей президенті Путиннің шешімінің халықаралық құқыққа қайшы екенін баяндап, Еуропаның бұл елге қарсы санкция шешімін жасауын талап етті. 

Италия сыртқы істер министрі, Жапония сыртқы істер министрі және Жапония премьер-министрі Кисида Фумио да Ресейдің ауыз жүзіндегі  Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының егемендігін мойындау шешімін айыптады. 

Кисида Фумио "Ресейдің әрекеті Украинаның территория тұтастығы және егемендігіне шабуыл" деп көрсетті. 

Австрия премьер-министрі Скотт Моррисон да Путинге наразылық көрсетіп, "Ресей кері қадам басуы керек" деді. 

Германия сыртқы істер министрі Анналена Бербок Ресейдің ауыз жүзіндегі  Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының егемендігін мойындау шешішінен бас тартуы керектігін айтты. 

Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Ресейдің бұл шешімін қабылдамайтынын білдірді. 

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин де Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жиналысында Украинаның егемендігі мен территория тұтастығына құрмет көрсетілуі керектігін білдіріп, мемлекетінің дағдарыстың бейбітшілік жолмен шешілуіне үлес қосатынын айтты. 

Грузия, Словения, Чехия, Голландия және Ирландия да Ресейдің ауыз жүзіндегі  Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының егемендігін мойындау шешіміне наразылық көрсетті. 

 



Ұқсас жаңалықтар