Патшайым Елизавета II вирус жұқтырып алды

95 жастағы  Патшайым Елизавета II жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетін жұқтырып алғаны, Патшайымның  жеңіл тұмау белгілерін көрсеткені білдірілді.

1781802
Патшайым Елизавета II вирус жұқтырып алды

Ұлыбритания Патшайымы Елизавета II жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетін жұқтырып алды.

Букингем сарайынан жасалған мәлімдемеде 95 жастағы  Патшайым Елизавета II жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетін жұқтырып алғаны, Патшайымның  жеңіл тұмау белгілерін көрсеткені білдірілді.

Мәлімдемеде Патшайым Елизавета II-нің осы апта Виндзордағы жеңіл міндеттерін жалғастыруды жоспарлағаны жеткізіліп:

"Патшайым медициналық жәрдем алуды жалғастырады және барлық жағдайы бақылауда" деп көрсетілді.

Ұлыбританияның тақ мұрагері Чарльз 10 ақпанда коронавирус індетін екінші мәрте жұқтырғаны, артынан жұбайы Корнуолл герцогинясы Камилланың да вирус жұқтырғаны  жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар