Украина үштік альянс құрды

Кулеба Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лиз Трасспен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

1780855
Украина үштік альянс құрды

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Ұлыбритания және Польшамен үшжақты ынтымақтастық альянсы құрғандарын мәлімдеді.

Кулеба бас қала Киевте Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лиз Трасспен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Украина, Ұлыбритания және Польша арасында жаңа үш жақты ынтымақтастық форматының құрылғанын жариялау мақтаныш екенін білдірген Кулеба формат туралы ортақ мәлімдеменің жарияланатынын атап өтті.

Бірлескен мәлімдемеде Польша мен Ұлыбританияның Украинаның аумақтық тұтастығын қорғау үшін украин халқымен иық тіресетіні атап көрсетілді.

«Польша мен Ұлыбритания елімізді қорғауға көмектеседі» деді министр.

Министр Кулеба жаңа форматқа қатысушылардың экономика, сауда, энергетика және жалған ақпаратпен күресу салаларында ынтымақтасатынын мәлімдеді.

Трасс та өз елінің Украинаның энергетика тәуелсіздігі бағытындағы жобаларды 100 миллион фунт стерлингке дейін қаржыландыратынын мәлімдеді.

Трасс Киевтің «ресейлік агрессияға» қарсы тойтарысына таңданысын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар