Украина Қорғаныс министрі мәлімдеме жасады

Алексей Резников елге ауқымды бір шабуыл жасалу мүмкіндігінің төмен екенін білдірді.

1781208
Украина Қорғаныс министрі мәлімдеме жасады

Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников елге ауқымды бір шабуыл жасау мүмкіндігінің төмен екенін білдірді.

Резников Украина парламентінде сөйлеген сөзінде Ресей еліне шабуыл жасау мүмкіндігін бағалады.

Елінің жан-жақты сценарийлерді қарастырғанын және қауіп-қатерді байқап отырғандарын атап көрсеткен Украина Қорғаныс министрі Украинаға ауқымды бір шабуыл жасау мүмкіндігінің төмен екенін білдірді.

Резников Ресейдің Украина шекарасында жасақтарын үнемі қадағалап отырғандарына, Ресей мәлімдегендей кері шегінудің болмағанына назар аударып, шекараларындағы әуе, құрлық және теңізді қоса алғанда жалпы ресейлік жасақтарының санының шамамен 149 мың екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар