Путин Қауіпсіздік кеңесі жиналысына қатысты

Жиналыста Украинадағы жағдай қолға алынды.

1781153
Путин Қауіпсіздік кеңесі жиналысына қатысты

Ресей президенті Владимир Путин Қауіпсіздік кеңесінде Украинадағы жағдай мен қауіпсіздік кепілдемелерін қолға алды.

Кремльдің хабарламасына қарағанда, Путин Ресей Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен жиналыс өткізді.

Жиналыста Украинадағы жағдай қолға алынды.  Путин апта бойынша жүргізген халықаралық дипломатиясы жайлы мәлімет берді.

Жиналыста сонымен бірге Ресейдің қауіпсіздік кепілдемелері туралы көзқарас алмасылды.

Ресей 2021 жылдың желтоқсан айында Америка Құрама Штаттары мен НАТО-ға түрлі қауіпсіздік кепілдемесі жөнінде ұсыныстарды қамтитын екі жоба берген болатын.

АҚШ пен НАТО тақырыпқа байланысты жауапты Ресейге жазбаша түрде жолдаған еді.  Ресей де Вашингтонның жауабына реакциясын 11 беттік бір жазбамен бірге кеше жариялады.



Ұқсас жаңалықтар