НАТО Түркияны 70 жылдығымен құттықтады

Түркия мен Грекия 70 жылдың алдындағы 18 ақпанда одақтың құрушы 12 мүшесінен кейін НАТО-ға алғаш қосылған екі ел болған еді.

1781054
НАТО Түркияны 70 жылдығымен құттықтады

НАТО Түркия мен Грекияны одаққа қосылуының 70 жылдығымен құттықтады.

НАТО-ның әлеуметтік желісінде екі елдің 1952 жылы 18 ақпанда НАТО-ға қосылғаны ескертілді.

НАТО Түркия мен Грекияны 70 жылдыққа орай құттықтап, екі елдің қосылған жылдарының көріністерінен құралған бір видеоны қайтадан бөлісті.

Қара және ақ түсті видеода түрік пен грек әскерлерінің көріністерімен бірге екі елдің НАТО-ның оңтүстік қанатының қауіпсіздігі тұрғысынан маңызды екені білдірілді.

Түркия мен Грекия 70 жылдың алдындағы 18 ақпанда одақтың құрушы 12 мүшесінен кейін НАТО-ға алғаш қосылған екі ел болған еді.



Ұқсас жаңалықтар