Украина Ресейден мәлімдеме күтуде

Украина Ресейдің Украина шекарасындағы іс-шараларына байланысты 48 сағат ішінде мәлімдеме жасауын сұрады.

1777335
Украина Ресейден мәлімдеме күтуде

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Ресейдің Украина шекарасындағы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасауы үшін 48 сағат уақыт бергендерін, керісінше болғанда, Вена құжатына тарап елдердің кезектен тыс бас қосуын талап ететіндерін жариялады. 

Дмитрий Кулеба Твиттердегі мәлімдемесінде Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Сенім мен Қауіпсіздікті арттыратын шараларға байланысты Вена құжатына сай Ресейден мәлімдемеде күткендерін білдірді.

Вена құжатына негізделгенде Ресейдің Украина шекарасындағы іс-шараларына байланысты толық мәлімдеме жасауы керектігін айтқан Кулеба:

"Ресейден Украина шекарасына жақын аймақтарда және уақытша жаулап алған Қырымдағы әскери іс-шаралары жайлы көлемді мәлімдеме жасауын сұрадық. Ресейге жауап қайтару үшін 48 сағат уақыт бердік" деді.

Кулеба Ресей белгіленген уақыт ішінде жауап бермесе, Вена құжатына қатысушы елдерден кезектен тыс жиналыс өткізуді талап ететіндерін хабарлады.  



Ұқсас жаңалықтар