Беларусь пен Ресейдің әскери жаттығуы басталды

Ресей және Беларусьтың "Одақтастық табандылығы -2022" бірлескен әскери жаттығуы Беларусь территориясында басталды.

1776436
Беларусь пен Ресейдің әскери жаттығуы басталды

Ресей Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда жаттығуға Беларусьтың Қарулы Күштерінің кейбір жасақтары мен Ресей Қарулы Күштерінің Шығыс әскери аймағына қарасты әскери жасақтары қатысуда. 

2 дана S-400 және "Pantsir-S" әуе қорғаныс зымыран жүйелері мен 12 дана Су-35 жойғыш ұшағы да орын алған жаттығу Беларусь территориясындағы Обуз-Леснов, Осипов,  Брест, Гож және Доманов полигондарында, сондай-ақ Барановичи, Лунинец, Лида және Мачулищи аэродромдарында басталды. 

Бірлескен жатығу екі елдің шекарасын қорғауды күшейту, террормен күрес, жаудың диверсиялық-барлау топтарын іздеу, бұғаттау, сыртқы агрессияның жолын кесу және тойтарыс беруді көздеуде. 

Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь президенті  Александр Лукашенконың желтоқсан айында жасаған келісімі бойынша жаттығу 20 ақпанға дейін жалғасады. 

 



Ұқсас жаңалықтар