Байден мен Макрон телефонда сөйлесті

Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден мен Франция президенті Эммануэль Макрон Украина дағдарысын қолға алды.

1776211
Байден мен Макрон телефонда сөйлесті

Ақ Үйден жасалған мәлімдемеге қарағанда Байден мен Макрон телефон арқылы сөйлесіп, Украина дағдарысын талқылады. 

Ресейдің Украина шекарасына әскер жинауына орай НАТО одақтастары арасында жақын координация болғанын түсіндірген екі лидер Макронның соңғы Ресей және Украина сапарын да қолға алды. 

Еске сала кетейік, Франция президенті Эммануэль Макрон Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен, Киевте болса Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескен еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар