Макрон Ресей және Украинаға барады

Франция президенті Путин және Зеленскиймен кездеседі.

1773672
Макрон Ресей және Украинаға барады

Франция президенті Эммануэль Макрон Ресей және Украинаға барады.

Елисей сарайынан жасалған хабарламада,  Макронның 7 ақпан күні Ресейдің бас қаласы Мәскеуде президент Владимир Путин, 8 ақпан күні де Украинаның бас қаласы Киевте президент Владимир Зеленскиймен кездесетіні хабарланды.

Осы сапарға Макронның кеше кешке Путин және Зеленскиймен телефон әңгімесінен кейін шешім берілгені айтылды.

Макронның Украина тақырыбында кеше Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден, Еуропалық Одақ кеңесінің төрағасы Шарль Мишель және Германия, Нидерланды мен Италия премьер-министрлерімен телефон арқылы сөйлескені білдірілді.

Le Monde газетінің хабарында Макронның Ресей және Украина сапарларынан оралғанда Германияға баруы мүмкін екені айтылды.

Эммануэль Макрон 2 ақпан күні жасаған мәлімдемесінде Украина тақырыбында басымдығының шиеленістің жойылуы және Минск келісімі негізінде саяси шешім табу екенін айтқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар