Швецияда түрік тектілерге шабуыл жасалуда

Хат президент Режеп Тайып Ердоған мен мұсылмандар кемсітілген нәсілшіл сөздерімен назар аударды.

1757104
Швецияда түрік тектілерге шабуыл жасалуда

Швециядағы Түрлі түстер партиясының (Няндар) төрағасы Микаил Йүкселге нәсілшіл сөздермен хат жолданды.

Хат президент Режеп Тайып Ердоған мен мұсылмандар кемсітілген нәсілшіл сөздерімен назар аударды.

Түрік текті саясатшы Микаил Йүксел ұзақ уақыттан бері нәсілшіл және Түркия дұшпандарының нысанасында қалғанын айтып:

"Әсіресе террористік ұйымдарға және Исламофобияға қарсы саясаттарым себепті көптеген адам мазасыз болуда. Сондықтан тіл тигізу әрекеттері мен нәсілшіл шабуылдарға ұшыраудамын" деді.  

Бұрын да нәсілшіл хаттар алғанын айтқан Микаил Йүксел:

"Бұл біз үшін қалыпты жағдайға айналды. Менің саясатпен айналысуымды қаламауда. Хатта айтылғандай нәсілшіл қауымдар және Түркияға қарсылар менің Түркияға кетуімді қалайды. Хатта "Еліңе қайт, оңбаған хайуан" деген сөздер жазылған. Нәсілшілдік тіл қолданылған.  Полицияға хабарладық, соңын күтудеміз" деді.

Осының алдында Микаил Йүкселді өлтіремін деп құқай көрсеткен 19 жастағы бір адамға Гетеборг соты 5 мың крон айыппұл салға болатын. 



Ұқсас жаңалықтар