Путин мен Байден сөйлесті

Джен Псаки 50 минуттық телефон әңгімесіне байланысты жазбаша хабарлама жасады.

1755026
Путин мен Байден сөйлесті

Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Телефон әңгімесінде Украина секілді екі ел арасында келіспеушілікке себеп болған тақырыптар қолға алынды.

Ақ Үй баспасөз хатшысы Джен Псаки 50 минуттық телефон әңгімесіне байланысты жазбаша хабарлама жасады.

Хабарламаға қарағанда, Байден Украина проблемасын ушықтырмау үшін Путинге шақыру тастады. Хабарламада «Президент Байден Ресей Украинаны одан да көп басып алатын болса, АҚШ пен одақтастарының табанды жауап қайтаратынын ашып айтты» деп көрсетілді. Сонымен бірге Байден 10 қаңтарда басталатын АҚШ-Ресей келіссөздеріне және НАТО мен Ресей арасындағы диалог процесіне үлкен мән беретінін айтты.

Кремль де осы телефон әңгімесі жөнінде мәлімдеме жариялады. Телефон әңгімесінің негізгі тақырыбының екі лидердің 7 желтоқсан күні онлайн кездесуде қолға алған Ресейге бағытталған қауіпсіздік кепілдіктері екені айтылды. Мәлімдемеде «Джо Байден Ресей мен Америка Құрама Штаттарының Еуропада және біртұтас ретінде әлемде тұрақтылықты қамдау тақырыбындағы ерекше жауапкершілігін атап көрсетті. Айырықша Вашингтонның Украина жеріне қару орналастыру ниетінің жоқтығын атап көрсетті» деген сөздерге орын берілді.



Ұқсас жаңалықтар