Америка құрлығына ескерту жасалды

Омикрон штамы 19 ел мен аймақта анықталды.

1753555
Америка құрлығына ескерту жасалды

ПанАмерика медицина ұйымы PAHO ковид-19 індетінің үшінші жылы толатын Америка құрығында ескерту жасады.

PAHO Америка Құрама Штаттарының әсерімен Солтүстік Америкада коронавирус оқиғаларының артуын жалғастырғанына назар аударды. Мәлімдемеге қарағанда, Омикрон штамы қазірге дейін Аргентина, Бразилия, Колумбия, Чили, Эквадор, Перу, Панама, Коста Рика, Мексика, Порто Рика, АҚШ және Канада секілді 19 ел мен аймақта анықталды.

Америка құрлығында ковид жұғу оқиғалары 100 миллионнан асты. 2,4 миллион адам қайтыс болып,  құрлық әлемде коронавирус көп әсер еткен аймақ болып табылады.

Оқиғалардың шамамен жартысы және өлім-жітімнің 62 пайызы Латын Америкада тіркелді. Құрлықта соңғы бірнеше күнде оқиғалар 6 пайыз артып, 1 миллионнан астам жаңа жұғу оқиғасы тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар