НАТО-дан Ресейге ұсыныс

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің жиналыс үшін 12 қаңтар күнін ұсынғаны білдірілді.

1753261
НАТО-дан Ресейге ұсыныс

НАТО Ресейге 12 қаңтар күні қауіпсіздік тақырыбын талқылауды ұсынды.

НАТО Баспасөз қызметі тарапынан жарияланған мәлімдемеде, Ресей мен НАТО өкілдерінің қауіпсіздік келісімі жобасын талқылау үшін НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің 12 қаңтар күнін ұсынғаны білдірілді.

Мәлімдемеде «Столтенберг НАТО-Ресей кеңесі төрағасы ретінде 12 қаңтар күні бір жиналыс жасауға ұсыныс берді.  Ресеймен байланыстамыз» деп айтылды.

Ресей президенттік аппаратының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «НАТО мен Ресейдің кездесу өткізуі орынды болады» деді.

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко «Күні, форматы және делегацияда кімдер орын алатыны талқылануда» деді.



Ұқсас жаңалықтар