Мадагаскардағы кеме апатында 83 адам мерт болды

Іздеу құтқару жұмыстары жалғасуда. Мемлекетте ұлттық аза жарияланды.

1751629
Мадагаскардағы кеме апатында 83 адам мерт болды

Мадагаскар жағалауында жүк кемесінің суға батуы салдарынан қаза тапқандар саны 83-ке жетті.

Мадагаскар теңіз және өзен порты агенттігінің мәлімдемесіне қарағанда мемлекеттің солтүстік-шығысында 20 желтоқсан күні түнде суға батқан кемедегі 138 адамның 83-і көз жұмды, 50-і құтқарылды, 5-і із-түзсіз жағалып кетті. 

Іздеу құтқару жұмыстары жалғасуда. Мемлекетте ұлттық аза жарияланды. 

 



Ұқсас жаңалықтар