Шай мен кофе денсаулыққа пайдалы екен

Шай мен кофені тұтыну инсульт пен деменция қаупін азайтатыны білдірілді.

1735335
Шай мен кофе денсаулыққа пайдалы екен

Шай мен кофені тұтыну инсульт пен деменция қаупін азайтатыны білдірілді.

Қытайда ғалымдар бір зерттеуде шай мен кофені тұтыну инсульт пен деменция қаупіне жасайтын әсерін анықтаған.

Ірі зерттеуде 50 мен 74 жас арасындағы 365 мың адам 10 жылдан астам уақытпен бақыланған.

The Guardian газетінің хабарына қарағанда Қытайдың Тианжин Медицина университетінен Юан Жан мен тобындағылардың зерттеуіне қатысушылардың 5 мың 79-ында  деменция байқалған, 10 мың 53 кісі кемінде бір рет инсульттан өткен.

Зерттермендер күнде 2-3 кесе кофе, 3-5 шыны шай немесе 4-6 кесе кофе мен шай ішкен кісілердің инсультқа ұшырау немесе деменция болу қаупі өте төмен екенін анықтаған. 

Күнде 2-3 кесе кофе және 2-3 шыны шай ішкен кісілердің инсультқа ұшырау қаупінің 32 пайыз төмен, деменция болу қаупінің 28 пайыз төмен болатыны белгіленген.

 



Ұқсас жаңалықтар