Бір топ босқын Беларусьтан Польшаға өтті

Беларусь-Польша шекарасында Еуропаны паналағысы келген бір топ босқын Польша жеріне өтіп кетті.

1733577
Бір топ босқын Беларусьтан Польшаға өтті

Беларусьтың Гродно қаласындағы Брузги шекаралық пунктінде көпшілігі Ирактан виза алу арқылы Беларуське келген босқындар күтуде.

Еуропаға көшу арманымен бұл елден Польшаға өтуге тырысқан және араларында айтарлықтай мөлшерде бала мен әйел бар топ салқын ауа райына қарамастан күтуін жалғастыруда.

Беларусь Мемлекеттік шекара комитеті шамамен 100 адамнан тұратын бір топтың Брузги-Кузница шекарасы арқылы Польша жеріне өткенін мәлімдеді. Мәлімдемеде «Бұл адамдар Польша аумағында. Олар поляк жағының тікенекті сымдарының жанында күтуде» делінді.

Беларусь Мемлекеттік шекара комитеті төраға орынбасары Игорь Буткевич шекара бойындағы лагерьде жасаған мәлімдемеде аймақта 2 мыңнан астам адам бар екенін атап көрсетті. Буткевич Беларусь тарапының адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті көмекті көрсеткенін білдірді.

Беларусь президенті Александр Лукашенко шекаралық топтарға гуманитарлық көмек таратып, аймақты реттеуді тапсырды. Осыдан кейін Беларусь армиясы аймаққа көмек жинау үшін шатырлар құрды.

Шатырларда бала мен әйелдер жылынып, тамақтанатын болады және жиналған жәрдемдер басқаларға тең таратылады.

Лагерьде бір жақтан электр генераторлары орнатылса, екінші жақтан ашылған қолдау кеңсесі арқылы еліне оралғысы келетіндерге құзырлы органдар жұмыс істеуде.



Ұқсас жаңалықтар