АҚШ Түркияны мерекемен құттықтады

Энтони Блинкен 29 Қазан Республика мерекесін құттықтаған үндеу жариялады.

1726597
АҚШ Түркияны мерекемен құттықтады

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Түркия Республикасының 98 жылдығына орай жариялаған үндеуінде:

"Осы ерекше күнде сіздерге шынайы тілегімізді ұсынамыз және болашақ жылдарда ортақтығымызды кеңейтуді сабырсыздықпен күтеміз" деп көрсетті.

Энтони Блинкен 29 Қазан Республика мерекесін құттықтаған үндеу жариялады.

Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен:

"АҚШ атынан түрік халқын Түркия Республикасының 98 жылдығымен  құттықтаймын" деді.

Түркияның НАТО-ның маңызды мүшесі және АҚШ-тың одақтасы екенін білдірген Блинкен Түркияның жылдар бойы жаһандық қиындықтарда АҚШ және халықаралық қоғаммен бірге әрекет жасағанын айтты.

Энтони Блинкен Түркия мен АҚШ арасында жалғасқан екі жақтылы қарым-қатынастардың сауда, қауіпсіздік және дипломатиялық ынтымақтастықты негіз еткенін білдірді.

 



Ұқсас жаңалықтар