Еуропада көмірдің бағасы рекорд жаңартты

Еуропада қарашада келісім-шарт бойынша көмір бағасы тоннасына 275 долларға дейін өсті.

1715605
Еуропада көмірдің бағасы рекорд жаңартты

Еуропада қараша айында келісім-шарт бойынша көмір бағасы тоннасына 275 долларға дейін өсіп, рекорд деңгейге ұласты.

Жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясына қарсы қабылданған шаралар себепті азайған көмір сұранысы, экономикалар қайта қалпына келе бастаған соң арта бастады.

Еуропадағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңсіздікке байланысты табиғи газға қоса көмір бағасы да рекордтарды жаңартуды жалғастыруда.

API2 Rotterdam көмірі фьючерстік биржасында қараша мерзім келісім-шарттарда көмір бағасы тоннасына 275 долларға өсіп, рекорд жаңартты.

Өткен жылы қараша келісім-шарттарында тоннасына 55 доллар деңгейінде болған көмір бағасының өсуі 400 пайызға жетті.

Өткен айда көмір бағасы шамамен 70 пайызға өсті.



Ұқсас жаңалықтар