Столтенберг АҚШ Қорғаныс министрімен кездесті

АҚШ Қорғаныс министрі Остин "НАТО-ның күші тек әскери күштен ғана емес, береке-бірлік және ортақ мақсаттан келеді" деді.

1714978
Столтенберг АҚШ Қорғаныс министрімен кездесті

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбрг Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрі Ллойд Остинмен кездесті.

Кездесу қарсаңында қысқаша мәлімдеме жасаған Остин "НАТО-ның күші тек әскери күштен ғана емес, береке-бірлік және ортақ мақсаттан келеді" деді.

Столтенбергтің талпыныстарына риза болғанын түсіндірген Остин сонымен қатар өткен ай Ауғанстаннан шегіну және Ауғанстанның астанасы Кабулдағы эвакуациялау жұмыстарында жәрдем бергені үшін Столтенбергке алғыс айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар