Ресейде вирустан 24 сағатта 887 кісі қайтыс болды

Ковид-19 жағдайы ауырласқан Ресейде 30 қыркүйекте  23 мың 888 адамға вирус жұққаны анықталды.

1713529
Ресейде вирустан 24 сағатта 887 кісі қайтыс болды

Ресейде жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті басталғаннан бергі соңғы 24 сағатта 887 кісімен  "күндік ең көп" жан шығыны тіркелді.

Ресей Коронавирус инфекциясы бақылау және алдын алу орталығынан жасалған мәлімдемеде соңғы 24 сағатта 887 кісінің қайтыс болуымен індет басталғаннан бері күндік ең көп өлім тіркелгені және вирустан қайтыс болғандардың саны 208 мың 142 адамға жеткені білдірілді.

Соңғы тәулікте 24 мың 522 адамның вирус жұқтыруымен 19 шілдеден бері "ең жоғарғы" күндік оқиға тіркелген елде жалпы оқиға саны 7 миллион 535 мың 548 адамға көбейді. 

2020 жылы 24 желтоқсанда 29 мың 935 адамға вирус жұққаны анықталуымен "ең жоғарғы" Ковид-19 күндік тіркеуі байқалған елде қыркүйектің басында күндік науқас саны 19 мыңнан төмен болса, 16 қыркүйекте 19 мыңнан асты.

23 қыркүйекте 21 мыңнан асқан күндік оқиға саны 29 қыркүйекте 22 мың 430-ға жетсе, 30 қыркүйекте  23 мың 888 адам деп тіркелді. 



Ұқсас жаңалықтар