Кремльден Ердоған мен Путин кездесуі туралы мәлімдеме

Кремль мәлімдемешісі Дмитрий Песков Сочиде өткен Ердоған - Путин кездесуіне қатысты мәлімдеме жасады.

1712940
Кремльден Ердоған мен Путин кездесуі туралы мәлімдеме

Ресей президенттік сарайы Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің Сочи қаласында Ердоған мен Путиннің кешегі кездесуіне қатысты мәлімдеме жасады.

Песков екі басшының кешегі кездесуінде Сирияның Идлиб аймағына қатысты тақырыптың алдымен күн тәртіпке келгенін, аймаққа қатысты келісімдерді орындаудың маңыздылығына назар аударылып, келісімдерге бағыныштылықтың қайтадан тілге тиек етілгенін атап көрсетті.

Песков кездесу барысында Ауғанстан, Ливия және Қарабах мәселесінің де қолға алынғанын білдірді.

Путин мен Ердоғанның табиғи газ бойынша жұмыстар мен тасымалдау мәселесін талқылағанын атап көрсеткен Песков «Путин ‘Түрік ағымы’ жобасына қатысты Түркия әкімшілігінің шешімдерін жоғары бағалады. Міндеттемелер өте жылдам орындалды» деді.

Песков Еуропадағы табиғи газ мен энергия нарығында бағалар өскен бір кезеңде Түркияның барлық инфрақұрылымымен мұндай кенеттен өзгерістерге қарсы өзін қауіпсіз сезінгенін тілге тиек етті.

Әскери-техникалық ынтымақтастықты жалғастыру және S-400 әуе қорғаныс зымыран жүйелеріне қатысты байланысты жетілдіру тақырыбының екі басшының күн тәртібінде тұрғанын атап көрсеткен Песков «S-400 жүйесінің кейбір бөлшектерін Түркияда өндіру мүмкіндігі қарастырылды» деді.

АҚШ-тың Түркияны F-35 әскери ұшақ бағдарламасынан шығарғанын еске салған Песков Түркия мен Ресей арасында авиация саласында ынтымақтастықтың күн тәртібіне келгенін мәлімдеді.

Песков «Путин мен Ердоған екі елдің күн тәртібінде тұрған ірі жобаларды да талқылады. Ең алдымен Аккую АЭС-тің бірінші қондырғысының құрылысын жалғастыру және тоқтату тақырыптары қолға алынды. Жаңа қондырғылардың құрылысы және Түркияда дамып келе жатқан бейбіт атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастығымыз тұрғысынан жалпы жасауға тиісті нәрселер туралы сөз қозғалды» деді.

Песков екі басшының ғарыш саласында ынтымақтастық пен «түрік ғарышкерлерін дайындау» тақырыбына да тоқталғанын және бұл мәселені Путиннің көтергенін мәлімдеді.

Сондай-ақ Ердоған мен Путин арасында жаңа типтегі коронавирусқа (ковид-19) қарсы вакцина мәселесінің де талқыланғанын айтқан Песков екі басшының вакцина мен вакцинацияның қажеттілігін атап өткенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар