Нигериядағы шабуылда 30 адам қаза тапты

Қарулы шабуылда кемінде 30 адам қаза тапты, көптеген адам да жараланды, бірнеше үй өртенді.

1697272
Нигериядағы шабуылда 30 адам қаза тапты

Батыс Африка елі Нигерияның Плато уәлаятында ұйымдастырылған қарулы шабуылда кемінде 30 адам қаза тапты.

Плато уәлаятының 3 ауылына түнде қарулы шабуыл ұйымдастырылды.

Қарулы шабуылда кемінде 30 адам қаза тапты, көптеген адам да жараланды, бірнеше үй өртенді.

Плато уәлаятының баспасөз және халықаралық байланыстар директоры Макут Мачам жазбаша мәлімдемесінде шабуылға қатысты 10 кісі ұсталғанын білдірді.

Мачам Плато уәлаятының әкімі Симон Лалонгтың аймақта көшеге шығуды шектегенін  және шұғыл жиналыс өткізуге шақырғанын хабарлады. 



Ұқсас жаңалықтар