Франция эвакуациясын ертең аяқтайды

Франция премьер-министрі Ауғанстаннан эвакуация істерінің ертең аяқталатынын білдірді.

1697849
Франция эвакуациясын ертең аяқтайды

Франция премьер-министрі Жан Кастекс Ауғанстаннан эвакуация істерінің ертең аяқталатынын білдірді.

Кастекс RTL радиосына берген мәлімдемесінде Ауғанстаннан француздар мен Францияға көмектескен ауғандарды елге әкелгендерін айтты.

Оның айтуынша эвакуацияланған ауған саны шамамен 2500. Ол эвакуацияның ертең аяқталатынын білдірді.

Ол 31 тамыз күні Америка армиясы Ауғанстаннан толығымен шыққаннан кейін Кабул әуежайынан эвакуация жасай алмайтындарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар