"Ауған күштерінің тез ыдырауын күтпеп едік"

Байден Ақ Үйде баспасөз мәслихатын өткізді.

1694813
"Ауған күштерінің тез ыдырауын күтпеп едік"

Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден ауған қауіпсіздік күштерінің қысқа уақытта бытырайтынын күтпегендерін айтты.

Байден Ақ Үйде баспасөз мәслихатын өткізді. Ол Америка Құрама Штаттарының Кабулдағы Хамид Карзай атындағы халықаралық әуежай арқылы елдегі америкалықтарды, АҚШ-қа көмектескен ауғандарды және кейбір үшінші ел азаматтарын эвакуация операциясын мақтады.

Президент Кабулда алты мың шақты АҚШ әскерінің міндет атқарғанын айтты. «Бұл операция – тарихтағы ең қиын эвакуациялардың бірі» деді ол.  Ол соңғы деректерге сәйкес 14 тамыздан бері елден 13 мыңнан астам кісінің шығарылғанын білдірді.

Байден Талибанмен жасалған келісім бойынша Америка төлқұжатын көрсеткен АҚШ азаматтарын Талибанның әуежайға дейін жеткізіп салатынын атап көрсетті.

31 тамыздан кейін елде әскер қалып қалмайтыны туралы сұраққа да Байден: «Уақыты келгенде көреміз» деп жауап берді.

Ол Ауғанстанда кейбір ДАИШ жақтастарының түрмеден шыққанын алға тартып, Кабул әуежайы маңында террорлық лаңкестіктерге қарсы шара қолданылғанын білдірді. «Осы арада мынаны айту керек, Ауғанстанда ДАИШ пен Талибан бір-біріне жау» деді ол.

«Біз қаншылықты Талибанмен Дохада байланыста болсақ та, ауған ұлттық күштерінің толығымен ыдырауы күтпеген жағдай болды.  Егер ауған қауіпсіздік күштері Кабул қоршауға алынған кезде, соғысқанда, жағдай басқаша болар еді. Барша ауған қауіпсіздік күштері ыдырамайды, елден қашпайды және қару тастамайды деп ойлаған еді. Бірақ басқаша болды» деді президент.

Байден енді Талибанның осыдан кейінгі істеріне қарап жол картасын дайындайтындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар