Иран ауған босқындардың елге кіруіне тыйым салды

Иран Ішкі істер министрлігінің Шекара қызметі Бас директоры Хусейн Касеми мәлімдеме жасады.

1693374
Иран ауған босқындардың елге кіруіне тыйым салды

Иран Ішкі істер министрлігінің Шекара қызметі Бас директоры Хусейн Касеми Иран Сот билігіне қарасты «Мизан» ақпараттық агенттігіне мәлімдеме жасады.

Касеми мәлімдемесінде Талибанның ел әкімшілігін өз бақылауына алған Ауғанстанда оқиғаларды назарға ала отырып, жаңа типтегі коронавирустың (ковид-19) таралуын алдын алу үшін Ауғанстан шекарасына қатаң шектеу қойылғанын атап көрсетті.

Касеми бұл аяда Оңтүстік Хорасан, Систан-Белужистан және Резеви Хорасан уәлаяттарында орналасқан қауіпсіздік күштеріне «Иранға келетін ауғандықтардың алдын алуға» бұйрық берілгенін атап көрсетілді.

Ауғанстанның шекаралас көршісі Иран 800 мың тіркеулі барлығы шамамен 3 миллионға жуық ауғандыққа қонақжайлық жасауда.

Талибанның ел билігін бақылауға алуының артынан көптеген ауғандық өз елінен қаша бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар